АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ СЕМИНАР
Абай ауданында 21-22 мамыр күндері Абай облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының құқықтық жұмыс және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы Н.Абдулкаримова ҚР нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында семинар өткізді.
Семинар барысында ҚР Еңбек кодексінің еңбекақыны төлеу, үстеме жұмыс уақытын есепке алу, ұжымдық шарттардың мазмұны, әлеуметтік әріптестікті жетілдіру, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты нормаларын қолдану тәртібі қарастырылды. Сонымен қатар, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес жұмыс берушілердің міндеттері мен жауапкершілігіне қойылатын жаңа талаптарға ерекше назар аударылды.
Семинарға білім беру ұйымдарының басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, қауіпсіздік және еңбекті қорғауға жауапты тұлғалар, техникалық инспекторлар және Абай ауданының кәсіподақ мүшелері қатысты.
Сонымен қатар Н.Абдулкаримова қызметкерлер мен кәсіподақтың мүшелік ұйымдарына құқықтық және практикалық көмек көрсету мақсатында Абай атындағы мамандандарылған мектеп-гимназия интернаты мен Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектебінде ҚР Еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға жұмыс барысында пайдалану үшін электрондық форматта әдістемелік материалдар ұсынылды.
Абай облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту және кәсіподақтың мүшелік ұйымдарына құқықтық қолдау көрсету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.
Абай облыстық ұйымы
-
Фото
-