ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН ҰҚЫПТЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ
Балабақша – бұл бүлдіршіндердің алғашқы әлеуметтік ортасы. Біз көбіне тәрбиешілер мен аспаздардың еңбегін бірден байқаймыз, бірақ балабақшаның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, тасада жүріп тер төгетін маңызды мамандық иесі бар. Ол – қоймашы.
Қарағанды қаласының Шахтинск балабақшасының қоймашысы Муляк Светлана Викторовна тәртіп пен жауапкершілік иесі.
Светлана Викторовнаның кәсібилігі мен жауапкершілігі балалардың сапалы және қауіпсіз тамақтануының кепілі. Ол балалармен тікелей сабақ өткізбесе де, олардың тоқ жүруіне жағдай жасайды. Бұл мамандық иесіне тән ұқыптылық, адалдық және төзімділік – кез келген мектепке дейінгі мекеменің берекесін кіргізетін қасиеттер. Сондықтан балабақша табалдырығын аттағанда тек тәрбиешіге ғана емес, біздің балаларымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін тасада еңбек етіп жүрген қоймашы Светлана Викторовнаға да алғыс айтуымыз керек.
Балалардың денсаулығы тікелей осы маманның қырағылығына байланысты. Оның қоймасында әрдайым мінсіз тазалық пен тәртіп орнаған. Сөрелердегі заттардың орналасуынан-ақ бұл маманның өз ісіне деген сүйіспеншілігін көруге болады.
Светлана Викторовна жұмыс уақытында өз тәжірибесін шеберлікпен қолданатын және одан әрі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын сауатты маман ретінде көрсетіп келе жатыр. Өзінің лауазымдық міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарайды, адал атқарады. Светлана Викторовна ұжым арасында сыйлы және құрметке ие. Ол әрқашан сыпайы және мейірімді.
Қарағанды облыстық ұйымы