ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында білім беру мекемелерінің келісу комиссиясының мүшелеріне семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушыларға еңбек заңнамасының негізгі талаптары, жеке еңбек дауларын қарау тәртібі, келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және еңбек қатынастары барысында туындайтын мәселелерді заң аясында шешу жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар келісу комиссиясына түскен өтініштерді қарау тәртібі мен құжаттарды рәсімдеу мәселелері бойынша тәжірибелік түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Семинардың негізгі мақсаты – еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылықты арттырып, келісу комиссиясы мүшелерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру.
-
Фото
-