ЕҢБЕГІМЕН ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН ЖАН
Руза Үмбетова - өз ісіне адалдық пен жауапкершілікті серік еткен, ұжым арасында сыйлы, жастарға үлгі бола білген ардақты жан. Ол Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы «Ақмаржан» бөбекжай-бақшасында ұзақ жылдар бойы есепші болып табанды еңбек етіп, өз мамандығының нағыз майталманы екенін дәлелдеп келеді.
35 жылдық еңбек өтілі - үлкен тәжірибе мен қажырлы еңбектің айқын көрінісі. Осы уақыт ішінде Руза Үмбетова жауапкершілігімен, адамгершілігімен, сабырлылығымен көпшілікке өнеге болып, әріптестерінің құрметіне бөленді. Оның ұқыптылығы мен тиянақтылығы мекеменің қаржылық тәртібін сақтап, жұмыстың жүйелі жүргізілуіне зор үлес қосып жүр.
Есепші мамандығы асқан дәлдік пен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осындай маңызды қызметте ол өз міндетін мінсіз атқарып, ұжым сенімін ақтап келеді. Ұзақ жылдар бойғы маңдай термен келген адал еңбегі мен мол тәжірибесінің жемісін көріп, мерейі үстем болып, мәртебелі жетістіктерге жетуде.
Еңбек жолындағы табандылығы мен кәсібіне деген сүйіспеншілігі кейінгі жас мамандар үшін үлгі.