ШИЕЛІДЕ КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
19 мамыр күні Шиелі аудандық білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен келісу комиссиясының мүшелеріне арналған оқу семинары ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушыларға жеке еңбек дауларын қарау тәртібі, еңбек қатынастары саласындағы заңнама талаптары және еңбек дауларының алдын алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Оқу семинарының мақсаты – келісу комиссиясы мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттырып, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесін жетілдіру.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Қызылорда облыстық ұйымы
-
Фото
-