ЖАСТАР КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ЖАҢА СЕРПІНІ
«Ұстаз» кәсіподағының Түрксіб аудандық филиалы Алматы қаласы білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жас төрағаларына арнап іс-шара ұйымдастырды. Аталған ауданда «Жастар кәсіподақ белсенділерінің жобалық қызметі» атты семинар өтті.
Семинар барысында жобалық қызметтің маңыздылығы, кәсіподақ жобаларын әзірлеу мен іске асыру жолдары, проблемаларды анықтау және шешу тәсілдері талқыланды.
Сонымен қатар саладағы жастар кәсіподақтарының табысты жобалары таныстырылып, жоба идеяларын тұжырымдау бойынша тренинг өткізілді. Кәсіподақтың жас белсенділерін жинап алған іс-шара тәжірибе алмасуға және жаңа бастамаларға үлкен серпін берді.
Н.Әшімова,
№49 мектеп техникалық инспекторы
-
Фото
-