ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР
Арал аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары, колледж және интернаттың келісу комиссиясы мүшелеріне «Жеке еңбек даулары» тақырыбында оқу семинары ұйымдастырылды.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі жеке еңбек дауларын шешу тәртібі, келісу комиссиясының қызметі және ұжымдық шарттың еңбек қатынастарын реттеудегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар ұжымдық шарт арқылы қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау тетіктері айтылып, еңбек заңнамасына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Оқу семинары еңбек дауларының алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және келісу комиссиялары жұмысының тиімділігін күшейтуге бағытталды.
Қызылорда облыстық ұйымы
-
Фото
-