«САРБАЗ РУХЫ – ҰСТАЗ ЖҮРЕГІНДЕ» ӘСКЕРИ ЖАРЫСЫ
Сәтбаев қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаздар арасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 34 жылдығына және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Сарбаз рухы – ұстаз жүрегінде» атты әскери жарыс жоғары деңгейде өтті.
Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол – елін сүйетін, рухы биік, намысты азамат. Аталған жарыс осы құндылықтарды айқындай түскен тағылымы мол іс-шара болды. Бұл тек спорттық сайыс қана емес, елге деген сүйіспеншіліктің, патриоттық рухтың жарқын көрінісі болды.
Жарыс барысында қатысушы ұстаздар батырлыққа тән қайсарлық пен ерлікке тән жігер танытып, өздерінің жан-жақты дайындықтарын көрсетті. Қазылар алқасының қорытындысы негізінде үздік командалар анықталып, жүлделі орындармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға жоғары деңгейдегі дайындықтары мен белсенділіктері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаз командаларды құттықтай отырып, алдағы уақытта да осындай игі бастамаларда табыс тілейміз.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде Сәтбаев қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ кеңесінің төрайымы Ильсова Гүлнар Жұмабекқызы мен әскери үшсайыс жарысының бас төрешісі Кутеев Марғұлан Маратұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген барша Отан қорғаушыларға зор құрмет білдіреміз.
Отанымыз аман, еліміз тыныш болсын!
Ұлытау облыстық ұйымы
-
Фото
-