ЕҢБЕК АДАМЫ
📚Кітапхана – тыныштықтың төрі, білімнің кені, руханияттың алтын бесігі. Ал, кітапханашы – сол асыл қазынаның сақшысы ғана емес, әрбір оқырманның жүрегіне жол таба білетін шынайы шамшырақ, ізгілік пен ілімнің дәнекері.
🖇️Осындай қасиетті мамандықтың абыройын асқақтатып, саналы ғұмырын кітап пен оқырманға арнаған жанның бірі – Ищенко Елена Ивановна. Ол Ақтөбе оьлысы Қобда ауданына қарасты Бесқұдық орта мектебінде 43 жыл бойы кітапханашы қызметін мінсіз атқарып, тұтас бір ұрпақтың рухани қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Бұл – жай ғана еңбек өтілі емес, бұл – адалдық пен табандылықтың, мамандыққа деген шексіз сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.
✔️Елена Ищенко – өз ісіне берілген, жоғары білімді, білікті маман. Оның мейірімділігі мен кәсібилігі оқырмандардың жүрегінен орын тауып, әр баланың рухани дамуына әсер етті.
◽️Елена Ищенконың еңбегі тек мектеп аясында ғана емес, аудандық, облыстық деңгейде де лайықты бағаланып келеді. Ол түрлі мәдени-білім беру іс-шараларына белсене қатысып, өзінің тәжірибесімен бөлісіп, әрдайым жаңашылдыққа ұмтылып отырды. Оның кәсіби жолы – үздіксіз ізденіс пен еңбектің, жауапкершілік пен табандылықтың жарқын үлгісі.
📜Ұзақ жылғы еңбек жолының әр күні білімге деген сүйіспеншілікке, оқырманға деген қамқорлыққа, ізгілікке толы болды. Осындай абыройлы жолдан өтіп, биыл зейнеткерлікке қадам басып отырған Елена Ищенконың еңбегі – шынайы құрмет пен алғысқа әбден лайық.
🔳Еңбек адамының биік бейнесін айшықтайтын Елена Ищенконың сынды жандар – қоғамның рухани тірегі. Оның өнегелі жолы – кейінгі буынға үлгі, ал есімі – кітап пен білімге қызмет етудің символы болып қала бермек.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-