ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
📚 Кітапханашы – білім мен руханияттың дәнекері, оқырман мен кітап арасын жалғайтын маңызды тұлға. Осындай өз ісінің шеберлерінің бірі – Кабельская Оксана Евгеньевна.
📖 Оксана Кабельская — 1991 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін «кітапханашы» мамандығы бойынша аяқтаған. Сол жылдан бастап кәсіби еңбек жолын бастап, 1991–1995 жылдары Қарғалы ауданындағы Қайрақты ауылдық кітапханасында қызмет етті. Бұл кезеңде ол оқырмандармен жұмыс істеу, кітап қорын жинақтау мен ұйымдастыру бағытында мол тәжірибе жинақтап, өз ісіне жауапкершілікпен қарады.
📗 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қайрақты негізгі мектеп-балабақшасында кітапханашы қызметін атқарып келеді. Ол мектеп кітапханасын дамытып, оқу үдерісін қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етуге және оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлуде.
📘 Оксана Кабельская мәдени-ағартушылық шараларды ұйымдастырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге үлес қосып келеді. Оның еңбегі аудандық білім бөлімі, аудан әкімдігі және мектеп әкімшілігі тарапынан Алғыс хаттармен бағаланған.
📕 24 жылдық еңбек өтілі – кәсіби шеберлік пен тәжірибенің айғағы. Ол мектеп-балабақша жағдайында балалардың ерте жастан кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Әр жастағы оқушылармен тіл табыса білуі кітапхананы олардың сүйікті орнына айналдырды.
📙 Көпбалалы ана ретінде де Оксана Кабельская бала тәрбиесінің маңызын терең түсінеді. Бұл қасиеті оның кәсіби қызметімен ұштасып, жас ұрпақты кітапқа баулуда өз жемісін беруде.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы