КӘСІПОДАҚ-ЕҢБЕК АДАМЫМЕН БІРГЕ
Бүгін Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымына қарасты Ақтау қалалық филиалының 2025 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары мен белсенді әлеуметтік әріптестер арасында жиын ұйымдастырылды.
Жиынның негізгі мақсаты – қалалық кәсіподақ ұйымының 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебін ұсыну, кәсіподақтың құқықтық қызметінің тиімділігі мен кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндау.
Басты бағыт – еңбек ұжымының мүддесін қорғау. Сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының ұжымдық шарттың, өңірлік және салалық келісімдердің, еңбек қатынасына байланысты заң нормаларының орындалуын бақылау – кәсіподақтың күн тәртібіндегі басты міндеттерінің бірі екендігі атап өтілді. Бұл жұмыстар облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімдері және мүшелік ұйым басшылары секілді әлеуметтік әріптестермен бірлесіп атқарылып келеді.
Әрине, жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижелігі – әлеуметтік әріптестік пен ұйымшылдықтың жемісі. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын тауып, алдағы уақытта да ұстаздардың мүддесін қорғауға зор үлесін қоса бермек. Сонымен қатар алдағы жұмыстарға және кәсіподақ қозғалысының одан әрі дамуы жолындағы еңбектеріне табыс пен шығармашылық шабыт тіледі.
Жиын соңында кәсіподақ қозғалысының дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан үздік әлеуметтік әріптестер мен белсенді бастауыш ұйым мүшелері марапатталды.
Қатысушылар бүгінгі таңдағы кәсіподақ ұйымы – еңбек адамының сенімді тірегі екенін жеткізді.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық филиалы