«ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕДІ»: ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ДҮБІРЛІ ДОДA
Алматыда 11 сәуір күні білім беру ұйымдарының педагогтары - «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы мүшелерінің арасында дәстүрлі «Өнерлі өрге жүзеді» атты III қалалық музыкалық конкурсы жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның шымылдығын «Ұстаз» кәсіподағының өкілі, әділқазылар алқасының төрағасы С.Қ. Байгуттинов ашып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады. Ол ұстаздардың шығармашылық қарымына табыс тілеп, доданың маңыздылығына тоқталды.
Өнер додасына қаламыздың түкпір-түкпірінен 400-ге жуық педагог-кәсіподақ мүшелері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Залдағы 300-ден астам көрерменнің ыстық ықыласы мен қолдауы кештің сәнін кіргізді.
Қатысушылардың шеберлігін белгілі ақындар, вокал және хор дирижерлері, халық аспаптарының оқытушылары мен тәжірибелі балетмейстерлерден құралған кәсіби қазылар алқасы бағалады.
Конкурс келесі 5 номинация бойынша қызу тартысқа толы болды:
«Хор» номинациясы;
«Вокалдық жанр» номинациясы;
«Би жанры» номинациясы;
«Көркем сөз» номинациясы;
«Аспаптық жанр» номинациясы.
Байқау қорытындысы бойынша 5 номинация бойынша 23 жеңімпаз анықталды. Оларға Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен арнайы ақшалай сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.
Алматы қалалық "Ұстаз" кәсіподағы
-
Фото
-