ЗАҢГЕРМЕН КЕЗДЕСУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы мен Бостандық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес №99 балабақшасында кәсіподақ мүшелерімен арнайы кездесу өтті. Кездесуге кәсіподақ заңгері М.С. Тұрлыбекова және Бостандық филиалының төрайымы Е.С. Муталляпова қатысты.
Жиын барысында «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына шолу жасалып, ұжым мүшелерін мазалаған құқықтық сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Балабақшаның техникалық инспекторы Анастасия Дмитриевна Фомина өз жұмысы туралы баяндады. Ұйымда тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, оқыту семинарлары мен қауіпсіздік жаттығулары өткізіліп тұрады. Әсіресе, өрт, жер сілкінісі және өзге де төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға, тәжірибелік дағдыларға ерекше көңіл бөлінеді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы З.А. Аллаева қалалық кәсіподаққа келісу комитеті мүшелерін оқытуды және еңбекті қорғау курстарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.
Кәсіподақ басшылығымен қызметкерлерді оқыту сабақтары жүйелі түрде жүргізіліп, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең заманауи тәсілдері енгізілуде. Бұл - білім беру мекемесіндегі әрбір қызметкердің қауіпсіз ортада жұмыс істеуінің кепілі!
А.Д. Фомина, Алматы қаласы №99 балабақша педагог-тәрбиешісі
-
Фото
-