АҚТӨБЕДЕ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Өнер орталығында «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік шара өтті. Басқосуға білім және ғылым саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ардагер ұстаздар мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.
Салтанатты жиында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Өңір басшысы білім мен тәрбие жолындағы педагог еңбегінің маңызын атап өтті.
Шара барысында білім саласына сіңірген еңбегі үшін бірқатар ұстаз Президент Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалі бар.
Педагогика саласында 40 жылдан астам еңбек еткен ұстаздарға «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ сала мамандары Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен, «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Бұдан бөлек, «Ақтөбе облысының үздік педагогы» және «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» номинацияларының иегерлері анықталып, марапаттар тапсырылды. Өңірдің білім сапасын арттыруға үлес қосқан бірқатар азаматқа облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-