ЖАС БЕЛСЕНДІЛЕРДІҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ
Салалық кәсіподақтың Атырау облыстық ұйымының «Жастар клубы» кеңесі жаңартылған мүшелерімен кезекті отырысын өткізді. Клуб мүшелері – қала, аудандардан келген жас ұстаздар, кәсіподақ белсенділері.
Отырыста бірлестік төрағасы Аққали Ахмет сөз сөйлеп, жалпы облыстағы Салалық кәсіподақтың орны мен рөліне, білім қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік мәселелерін шешудегі атқарып жатқан жұмыстарына кеңінен тоқталды. «Жастар клубы» кеңесінің төрағасы Сайран Сейфуллин клуб мүшелерін алдағы атқарылатын жүмыстардың жоспарымен таныстырды. Отырыс барысында кеңестің жылдық жоспары бекітіліп, алдағы өткізілетін іс-шаралар талқыланды.
Атырау облыстық ұйымы
-
Фото
-