КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ ЛИГАСЫ
14 ақпанда ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен оқушылар арасында республикалық футзал турнирінің ашылу салтанаты өтті.
Аталған шара елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өтуде.
Салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, сонымен қатар әлеуметтік әріптестік аясында Салалық кәсіподақтың Орталық комитеті аппаратының бас маманы Асан Бітімбай қатысты.
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен келген 7-8 сынып оқушылары қатысуда.
Турнирдің мақсаты - оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және оқушылардың дене белсенділігін арттыру болып табылады.
-
Фото
-