ӘСКЕРИ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК ҮШІН ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕНЕ МЕ?
Облыс орталықтарында ашылып жаткан бiлiм басқармаларына бағынысты әскери-мектеп интернаттарының педагогтарына тәлiмгерлiктi жүзеге асырғандары үшiн косымша акы төленеді ма?
Педагогтардың лауазымдық ақы, қосымша мен үстеме ақыларын есептеу тәртіптері ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (әрі қарай - Қаулы) мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарының жалақысын есептеу қағидаларымен (әрі қарай - Қағидалар) реттеледі.
Жоғарыда көрсетілген Қаулының 4- Қосымшасындағы 11-тармақ және Қағидалардың 37- тармағы 3)- тармақшасына сәйкес мәдениет және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын, әскери оқу орындарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне тәлімгерлік үшін қосымша ақы базалық лауазымдық ақыдан 100% қосымша ақы төленеді.
«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы №50 бұйрығына сәйкес облыс орталықтарында ашылып жаткан, бiлiм басқармаларына бағынысты әскери-мектеп интернаттар «орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), оның ішінде мамандандырылған білім беру ұйымдары» құрамына кіреді.
Сондықтан, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары болып саналатын әскери мектеп-интернатының тәлiмгерлiктi жүзеге асыратын мұғалімдеріне белгіленген қосымша ақы төленуі тиіс.