• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Кәсіподақтық оқыту

  • Басты бет
  • Кәсіподақтық оқыту
  • ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ…
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК СЕМИНАР-КЕҢЕС АЯҚТАЛДЫ

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының жоғары оқу орындарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған екі күндік семинар-кеңесі өз жұмысын тәмамдады.

Семинар-кеңеске қатысушылардың алдында Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева сөз сөйлеп, кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып, жыл қорытындыларымен, кәсіподақтың жұмыс көрсеткіштерімен бөлісті.

Семинар жұмысына арнайы шақырылған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі - Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары.Н.Сапарходжаев семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылымды дамытудың 2023-2029 жж. арналған тұжырымдамасының жобасын таныстырды.

Министрлік өкілі Жоғары білім саласындағы нормативтік-құқықтық реттеудің негізгі бағыттары туралы да айтып өтті. Спикер семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, сала қызметкерлері өкілдерінің ұсыныстарын тыңдады.

Әрі қарай кәсіподақтың Құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы А. Бектабанов еңбекті қорғау, өндірістік кеңес тақырыптарына тоқталды. Айдарбек Жасұланұлы жоғары оқу орындарында еңбекті қорғау жөніндегі өзекті мәселелері, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау бойынша өндірістік жарақаттануды талдау, еңбекті қорғау бойынша проблемалық мәселелер және жұмыс берушінің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуіне бақылауды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жөнінде тарқатып айтып берді.

Кәсіподақтың Құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссияларының қызметіне қатысты ақпарат берді.

Күннің екінші жартысында кәсіподақ кеңсесінің меңгерушісі М.Бейсембаева кәсіподақтағы кеңсе жұмысының қыр-сырымен бөлісті. Кәсіподақ органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың, істер номенклатурасының тәртібін тәптіштеп түсіндірді.

Кәсіподақтың баспасөз хатшысы М.Хұсынова кәсіподақ мүшелігін ынталандыру және кәсіподақтың оң имиджін қалыптастырудағы ақпараттық жұмыстың рөлі мен орны, маңызы мен міндеті туралы айтты.

Семинар-кеңес жұмысын Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева қорытындылады.

Ол Жоғары оқу орындары бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен семинар –кеңес алғашқы рет өткізіліп отырғанын тілге тиек етіп, алдағы уақытта мұндай семинарлардың тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

А.Мұқашева сондай-ақ Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қабырғасында семинар өткізуге мүмкіндік бергені үшін университет әкімшілігіне, ректор, т.ғ.д, профессор Е.Сыдықовқа алғысын жеткізді.

Екі күн ішінде бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметінің маңызды аспектілері қарастырылды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі

    • Файлдар


Мәзір санаттары

  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
  • Әйелдер істері жөніндегі комиссия

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты