«Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Тәуелсіздік-түғырым» атты мерекелік шараның ақпарламасы
2015 жылдың 14 желтоқсан күні аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің акт залында студент жастар арасында «Тәуелсіздік-түғырым» атты мерекелік шара өтті. Шара «Қазақстан жастарының» әнімен ашылып, Маңғыстау облыстық аумақтық кәсіподақтар орталығының басшысы Қ. Қ. Жанабеков жастарға құттықтау сөзін арнады.
Қазақстан РеспубликасыныңГимні айтылды. Шараның аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Мен және менің Президентім» студенттер арасындағы облыстық эссе байқауының жеңімпаздарын Маңғыстау облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы ұйымының төрағасы Т. А. Баймбетова арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Олар: І орын - Аманбай Тоқтамыс Атабекұлы, Маңғыстау политехникалық колледждің 1 курс студенті;
ІІ орын - Зайдоллаев Қуаныш, Маңғыстау гуманитарлық колледждің 2 курс студенті;
ІІІ орын - Мырзабаева Нурбибі Нұрланқызы, Ш. Есенов ат.Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің 1 курс студенті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жоғары және арнаулы орта білім оқу орындарының студенттері жатақханасы арасында «Үздік бөлме-2015» байқауы бойынша:
Қыздар бөлмесі арасында:
І орын- Ш. Есенов ат.Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің №443 бөлмесі;
ІІ орын- Маңғыстау политехникалық колледждің №119 бөлмесі;
ІІІ орын- Маңғыстау гуманитарлық колледждің №407 бөлмесі.
Ұлдар арасында:
І орын- Ш. Есенов ат.Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің №345 бөлмесі студенттері марапатталды.
Шараның соңында Маңғыстау гуманитарлық колледждің «Еркемай» вокалдық ансамблінің орындауында «Қазақстаным алға» әні шырқалды.