Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын насихаттау мақсатында студенттер кәсіподақ белсенділерімен дөңгелек үстел
Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын насихаттау мақсатында студенттер кәсіподақ белсенділерімен дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдіоблыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Білімді, еңбекқор, бастамшыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар» - деп, қазақстанның жас азаматтарына арнаған сөзімен ашты. Атқарылып жатқан қыруар істердің барлығы студент жастар үшін екендігіне тоқталып өтті.
Нұр Отанпартиясы Жас Отан жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Сабанбаев Абылайхан Бексұлтанұлы жолдаудың басты бағыттарына тоқталып өтті. Әсіресе жастар үшін 2016 жылдан бастап елімізде кәсіби-техникалық мамандарды ақысыз оқытып, білікті мамандар даярлап, жастарға мемлекет тарапынан жағдайлар жасалатынын, шәкіртақы 25 пайызға көтерілетінін айтып өтті.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы Құрмаш Асқар Шалқарұлы кәсіподақ жұмысын жүзеге асырудағы студент-жастардың ролін арттыру туралы ұсыныстар берді.
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Жұмаділдаев Мұрат Әлімбайұлы Елбасы Жолдауындағы айқындалған бағыттарды жүзеге асырудағы жастардың маңыздылығын айтты.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары
Ескалиева.Г.Б.
-
Фотографии
-