
Жаңа еңбек кодексіне жаңаша көзқарас
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 12 ақпан күні білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының қатысуымен «Жаңа еңбек кодексіне жаңаша көзқарас» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Алимбетова Орынша Мыржақыпқызы ашып берді.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасының орынбасары Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы Қызылорда облыстық білім басқармасы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы арасындағы Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің басты ерекшеліктеріне тоқталып өтті. «Жаңа еңбек кодексіне жаңаша көзқарас» тақырыбында Утегенова Нұргүл Сабырқызы баяндама жасап, қойылған сұрақтарға тұжырымды жауап берді. Облыстық кәсіподақ комитеті жанынан құрылған кәсіподақ белсенділер мектебінің жетекшісі Жаныбеков Назир Мадемханұлы «Ұжымдық шарт- ынтымақтастық кепілі» туралы түсіндірме жүргізіп, ұжымдық шарттың жобасы талқыланды. Семинарда бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары жаңа Заңға байланысты сұрақтар қойып, ұжымдық шарттың басымдықтары туралы өз ойларын ортаға салып, қызу пікірталас болды. Жоспарланған кесте бойынша семинар алдағы уақытта мекеме басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының қатысуымен аудандарда жалғасын табады.