
Алғысым шексіз халқыма!
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: Алғыс айту күні — 1 наурыз!Алғыс айту күні– бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Осы мерекені «Тарих, филология және халықаралық қатынастар» факультетінің студенттері С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында атап өтті. Шара ой бөлісіп, пікір алмасу түрінде жүргізілді. Дөңгелек үстел жұмысына «Тарих» мамандығының студенттері, оқытушылары мен магистранттар қатысты. Қазақ жерімен тағдыры байланыстырған халықтардың өмірі мен олардың қазақ халқына деген алғысы туралы оқытушылар мен студенттер өзара пікір алмасты.
Студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы Калимолдина Ж.А.
-
Фотографии
-