
Бурабай ауданында дәстүрлі сайыстар өтті
Наурыз айының 26-31 аралығында Ақмола облысы Бурабай ауданында, Мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орайластырылған дәстүрлі 19-ші аудандық «Мұғалім-2016» спартакиадасына іріктеу ойындары өтті. Ауданымыздың білім беру мекемелерінің командалары жеті аймақта спорттың төрт түрі бойынша күш сынасып өзара жеңімпаздарды анықтады. Әр аймақтағы сайысты ұйымдастырушы мекеме өз міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарап, жоспарланған іс-шараны жоғары деңгейіде өткізді.
Бұл ойындардың жеңімпаздары ауданымыздағы «Приозерный» балалар сауықтыру орталығында, мамыр айының 26-27 өтетін 19-ші аудандық «Мұғалім-2016» спартакиадасының финалдық кездесулерінде күш сынасады.
-
Фотографии
-