ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК – ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК!
28 сәуір Бүкіләлемдік еңбек қорғау күніне орай
Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымында өткізілген шаралар туралы
А Қ П А Р А Т
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабында қауіпсіз және гигиена талаптарына сай жағдайда еңбек ету құқы азаматтардың негізгі құқтарының бірі ретінде бекітілген. Қазіргі таңда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі еңбек қатынастары жүйесіндегі ең осал тұс екенін мойындауымыз керек.
Мұның басты себептері – демографиялық жағдайдың төмендеуі, өлу деңгейінің туу деңгейінен асып түсуі, тұрғындар денсаулығының нашарлауы. Туберкулез, нашақорлық және маскүнемдік сияқты әлемуеттік сипаттағы науқастар күрт өсуде. Көптеген азаматтар қымбатшылыққа байланысты қажетті дәрігерлік көмек пен емдеу-сауықтыру шараларымен қамтыла алмайды.
Мекемелер мен кәсіпорындардың басым көпшілігін тек өз - өзін сақтап қалуға мәжбүр еткен экономикадағы тығырықты құбылыстар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін кейінгі орынға ығыстырды.
Бұл ретте өндірісте зардап шегу, қаза болу, өндірістік жарақат алу нәтижесінде жұмыс уақытын жоғалту сияқты жазатайым оқиғалардың негізгі көрсеткіштерін абсолютті цифрлармен алып қарайтын болсақ, Қазақстан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды иеленеді. Әлем бойынша кәсіби сырқаттар кәсіппен байланысты өлім жағдайларының басты себебі болып қала бермек. ХЕҰ бағалауы бойынша жыл сайынғы жұмыс орынындағы 2 340 000 өлімнің , тек 321 000 ғана оқыс жағдайдың салдарынан болады. Қалған 2,02 млн өлім, түрлі кәсіби аурулардың салдарынан болады, олар күнделікті орташа алғанда 5500-ден аса өмірді қияды. Мұндай жағдайға лайықты еңбек жағдайымен қамтамасыз ету тұрғысынан жол берілмеуі тиіс.
Кәсіппен байланысты сырқаттардың алдын алмау, тек жұмыскерлер мен олардың жанұяларына ғана теріс әсерін тигізіп қана қоймай, қоғам да орасан зор зиян шегеді, оның ішінде өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соқтырады және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне де салмақ түсіреді. Алдын алу шаралары емдеу және оңалтудан гөрі мен тиімдірек және шығыны аз тәсіл болып табылады. Бүгінде барлық елдер жағдайды жақсартуға нақты қадамдар жасап, кәсіби ауруларды болдырмау ісіне көңіл бөле алады.
Әр жыл сайын осы Күнге жұмыс орындарындағы қауіпсіздік және еңбек гигиенасы бойынша ХЕҰ бағдарламасы баяндамалар, тақырыптар, плакаттар және басқа да жарнамалық құжаттар дайындайды. Баяндамада кәсіби сырқаттар бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпарат келтіріледі және қалыптасқан жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар айтылады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кәсіподақтардың еңбекті қорғауға ықпалы мен рөлінің төмендегені баршаңызға аян. Оның басты себептері ретінде кәсіподақтардың еңбек қорғау бағытында заңмен белгіленген құқықтарынан айырылуын, еңбек қорғау бойынша техникалық инспекциялардың жойылып, кәсіподақ органдарында еңбек қорғау мамандарының лауазым бірліктерінің қысқартылғандығын атап өтуге болады.
Еңбек қауіпсізідігі мәселелерімен үнемі кім айналысуы керек? Тәжірибе қай мекемеде кәсіподақ ұйымы қызмет етсе, сонда еңбек қорғау мәселесі қаралып, шешімін табу әрекеттері жасалатынын көрсетеді. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға деген қамқорлық жасау кәсіподақ табиғатына тән қасиет екенін түсінген абзал. Еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақаттану қаупін төмендету мәселелерімен бірде-бір өзге ұйым күнделікті әрі мақсатты түрде айналыспайды.
Жыл сайын 28 сәуірде Қазақстан кәсіподақтарының Федерациясы және оның мүшелік ұйымдары Бүкіләлемдік еңбек қорғау күніне арналған іс шаралар өткізеді. 2016 жылы Бүкіләлемдік еңбек қорғау күнінің тақырыбы«Жұмыс орнындағы стресс - оған ұжым болып қарсы тұра білу» (Стресс на рабочем месте: коллективный вызов»)болып белгіленді.
Халықаралық Еңбек Ұйымы Бүкіләлемдік еңбек қорғау күнін барша әлемде жұмыс орындарындағы жазатайым оқиға мен кәсіби науқастанудың алдын алуға ықпал ету мақсатында атап өтеді.
Осы ретте, Кәсіподақтың Жамбыл облыстық комитеті мен оның мүшелік ұйымдары жергілікті жерлерде әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жөніндегі акциялар, көрмелер, байқаулар, оқу семинарларын, «дөңгелек үстелдер» мен өзге де тақырыптық шаралар ұйымдастырды.
Солардың бірқатарына тоқталатын болсақ:
Кәсіподақтың Жамбыл аудандықұйымына қарасты «Балдырған», «Қарлығаш», «Гүлдер», «Жәнібек», «Болашақ» бөбекжайлары, «Шайдана» бастауыш мктебі мен «Шайқорық» орта мектептерінде ұжым өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» отырыстары, тәрбие сағаттары, семинарлар, сенбіліктер мен қайырымдылық шаралары өткізілді.
Қазіргі кезде әлемнің жүзден аса елінде еңбекті қорғаудың шешілмеген мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған іс шаралар ұйымдастырылғандығы және олар жергілікті үкімет органдарының, кәсіподақ ұйымдарының, жұмыс берушілер және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің қолдауымен өткізілетіндігін баяндалды.
***
Меркі аудандық кәсіподақ ұйымыныңбастамасымен еңбек ұжымдарында мекеме басшылары, техникалық инспекторлар, ұстаздар мен қатардағы техникалық қызметкерлердің қатысуымен ауылды жерлерде кездесін жазатайым жағдайлар, кездейсоқ, тосыннан орын алатын өндірстік жарақаттар туралы айтылып, еңбек қорғау саласындағы заңнама талаптары насихатталды.
Мысалы,«Нұршуақ» балабақшасының ұжымындаХалықаралық еңбек ұйымы жұмыс орнында өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі, жұмыспен байланысты жарақаттар, аурулар мен өлім санының артып отырғанын қоғам назарына аударуды насихаттау мақсатында,28-сәуірдеДүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «Жұмыс орнындағы күйзелісті болдырмау» атты жалпы жиналыс өткізілді.
***
27 апреля в средней школе № 20 Меркенского района было поведено профсоюзное собрание на тему «Стресс на рабочем месте. Коллективный вызов». На собрании присутствовало 78 работников школы. С докладом по данной теме выступила председатель профкома школы Литвинович Е.В. Было зачитано обращение Международной организации труда о проведении Всемирного Дня охраны труда.
Из материалов проведенного мероприятия.....
Наносимый вред, механизмы, последствия
По данным опросов, проводимых страховыми компаниями:
- 1000000 отлучек с рабочих мест был вызван стрессами,
- 27% опрошенных работников различных фирм заявили, что к большинству стрессов в их жизни привела работа,
- 45% заявили, что стрессы, связанные с работой, имеют очень высокий или чрезвычайно высокий уровень,
- одна треть рабочих думали об уходе исключительно из-за стрессов, связанных с работой,
- 70% заявили, что стресс на работе снизил их физическое и умственное здоровье.
Ниже приведен примерный уровень стресса, испытываемый работниками разных профессий (по данным исследований):
Были даны рекомендации как оградить себя от стрессовых ситуаций на работе и дома.Каксправитьсясострессомнаработе?
Следуя незатейливым рекомендациям можно легко держать стресс нарабочем месте подконтролем:
-Будьтедоброжелательнысколлегамииподчиненными;
- Совершенствуйте свои коммуникативные навыки – учитесь говорить так, чтобы вас понималиименнотак,каквыхотите;
-Соблюдайте принципы тайм менеджмента, учитесь управлять временем;
- Повышайте квалификацию – обязательно посещайте запланированные на работе курсы и тренинги;
- Регулярно выполняйте простые физические упражнения перед выходом на работу: лежа в постели можно сделать 20 повторений упражнения для мышц брюшного пресса. После чего встать, потянуться вверх в течение 10 секунд. Далее, не спеша сделать 20-30 приседаний, и если получится – отжиманий. Кроме того, после работы нужна легкая аэробная нагрузка, например, 30-ти минутная прогулка быстрым шагом или часовая прогулкапередсномв спокойномиразмеренномтемпе.
***
Кәсіподақтың Сарысу аудандық комитеті:
Қоғамдағы және кәсіподақ саласындағы барлық өзгерістер мен тың жаңалықтарды қалт жібермейтінБайқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебініңұжымы жыл сайын Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күнін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Биыл да осы үрдісті жалғастырды. Мектептегі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, «Ең үздік кәсіподақ көшбасшысы – 2015» республикалық байқауының жеңімпазы А.Е.Каримбекова әлеуметтік әріптес Л.Қ.Асановамен біріге отырып, мектеп қызметкерлері арасында «Жұмыс орнындағы стресске жол жоқ!», «Қауіпсіз еңбек жасасын!», «Қауіпсіз еңбек – лайықты еңбек», «Еңбекті қорғау - әрбір азаматтың міндеті» тақырыптарында суреттер салу байқауын ұйымдастырды. Кәсіподақ комитетінің және жұмыс берушінің өкілдері құрамынан құрылған сарапшылар тобы аталған байқаудың ең үздік суреттерін таңдап алды. Осы суреттерден мектеп фойесінде «28 сәуір – Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күні» тақырыбында көрме жасақталды.
Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымы мен әлеуметтік әріптес өкілдері бірігіп өткізген «Қауіпсіз еңбек – адам өмірінің кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласындағы мәселелер талқыланды. Жұмыс орнында жарақаттану, стресске шалдығу, адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға душар болу жағдайларының алдыналу бойыншаіс – шаралар жоспары талқыланды.
Мектеп қызметкерлері арасында «Жеке қорғану құралдарын қолдан!» ұранымен байқау өткізіліп, бас жүлдені - Кіші қызметкерлер тобы, 1 орынды – Тілдер бірлестігі, 2 орынды – жаратылыстаны пәндері бірлестігі, ал 3 орынды – Бастауыш сынып пәндері бірлестігі жеңіп алды. Аталған қызметкерлерге сый-сияпат жасалып, «28 сәуір – Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күніне» белсене қатысқаны үшін Марапат қағаздары тапсырылды.
С.Сейфуллин атындағы орта мектепте білім және ғылым ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы , еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын алу, қызметкерлердің денсаулықтарын сақтау жөнінде кәсіподақ органдарының, қызметкерлердің, жұмыс берушінің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында мектеп ұжымымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелде мектеп ұжымына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы ережелері таныстырылып, оның негізгі міндеттері, негізгі функциялары, бастауыш сынып мұғалімдеріне, еден жуушыларға, кіші медицина қызметкерлеріне арналған еңбек қорғау, қауіпсіздік техника нұсқамалары талқыланды.
Абылайхан орта мектебінде жұмыс берушілер мен жұртшылықтың назарын өндірісте болатын қайғылы оқиғаларды азайтуға, жол бермеуге және өндірісте жарақат алудың алын алу жөніндегі жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттігіне аударуды мақсат еткен «дөңгелек үстел» өткізілді.
Қазіргі жағдай өндірістің қандай да бір түрінің ерекшелігіне айрықша көңіл бөлуді, зерттеуді және ғылыми негізделген нормативті құжаттарды жасауды, зерттеулерді жалпылауды, еңбек жағдайын жақсарту бойынша нақты талаптарды негіздеуді талап етеді. Өндірістік жарақаттарды және кәсіптік аураларды төмендету, еңбекті қорғау саласында тиімді шараларды арттыру бойынша жұмыс жасау алдыңғы қатарлы отандық және шет елдік тәжірибелер мен ғылыми-зерттеу базасын зерттеусіз мүмкін емес.
Мектеп ұжымы арасында еңбек шарты және «Дүниежүзілік Еңбек қорғау күні» атты баяндама жасалып,талқыланды.Баяндама барысында кәсіптік тәуекелдердің белгілерін анықтау, олардың жұмыс істеушілерге әсер ету деңгейін зерттеу, жұмыс істеушілердің еңбек жағдайы мен денсаулығына мониторинг, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды зерттеу және басқа да мәселелер кәсіптік тәуекелдерді бағалау қатарына кіретіні жайлы айтылды.
Қазіргі уақытта химиялық өндірістегі, қара және түсті металлургия кәсіпорындарындағы кәсіптік тәуекелдерді табудың өндірістік процесстері зерттелуде. Бұл мәселені зерттеудің қажеттілігі өндірісте қолданылатын химиялық заттардың көлеміне тікелей байланысты. Осы бағытта зерттелетін ғылыми-зерттеу жұмыстары зерттелетін кәсіпорындардағы химиялық тәуекелдерді табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы саладағы зерттеулер ісік ауруларына шалдықтыратын, сонымен қатар адамның репродуктивті жүйесіне әсер ететін кәсіптік аурулар түрлерінің көбеюінің артуын көрсетіп отырғаны талқыланды.
***
Т.Рысқұлов аудандық филиалының бастамасыменбастауыш кәсіподақ ұйымдарында ұжым мүшелерімен біріге отырып көпшілік іс шаралар өткізілді. Осы ретте, «Еселі еңбек-нәтижелі жұмыстың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізген мектептердің саны - 10, «Қайырымдылық игі-іс» тақырыбында отбасы аз қамтылған мүгедек қызметшілілерге қайырымдылық көмек көрсеткен мектептердің саны - 18, жалғыз басты қарт кісілердің үйінде сенбіліктер өткізген мектептердің саны - 13.
***
В целях не допущения халатности в вопросах обучения и инструктажа работников, воизбежания производственных травмКордайский районный комитетнакануне Всемирного дня охраны труда провел флеш-моб и выездной семинар обучение в СШ№10 им.Кызылсай. Принимали участие в нем все председатели первичных профсоюзных организации учреждений образования Кордайского района.
В ходе семинара применялись инновационные формы обучения, ролевые игры, обмен мнениями…
Итог семинара сводился к тому, чтобы не допускать производственных травм и качественно обучать каждого члена профсоюза по соблюдению правил техники безопасности на работе и в быту.
***
Кәсіподақтың Шу аудандық филиалынақарасты бастауыш ұйымдарға өткізілетін шаралардың жобалық жоспары жіберіліп, оның аясында еңбек ұжымдарында «дөңгелек үстел» отырыстары, кәсіподақ жиналыстары, шебер класстар, флешмоб пен сенбіліктер өткізілді.
Аудан деңгейінде«Стресс на рабочем месте: коллективный вызов» атты тақырып аясында құқықтық еңбек инспекторы А.Бекмурзина арнайы баяндама жасап, М.Х.Дулати атындағы орта мектеп бастауыш ұйымының жетекшісі В.Коротуненко «Как снять стресс и поднять настроение на рабочем месте» атты психологиялық тренинг, Ә.Молдағұлова атындағы орта метеп электригі А.Мұңалбеков «Ғимаратта электр жүйелерін қауіпсіз жағдайында пайдалану» тақырыбында шебер класс өткізді.
***
Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығының бастамасымен2016 жылғы 28 сәуірде «Жамбыл электр желілірі» ЖШС-нің өндірістік базасында «Еңбек қорғау жөніндегі ең үздік инженер» және «Ең үздік техникалық инспектор» номинациялары бойынша облыстық сала аралық байқау өткізілді.
Осы ретте, біздің облыстық салалық ұйымнан екі үміткерАзимханов Жансерик Ошакбаевич- Тараз қаласы №54 орта мектептің қызметкері, техникалық инспектор,Сакишев Тилек Сабырбекович –Қордай ауданы №18 Сортобе орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі, техникалық инспекторы қатысып , Азимханов Ж.О. жүлделі үшінші орынды иеленді.
«Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі 2015 жылғы республикалық қоғамдық байқауға» Жамбыл облыстық ұйымынан қатысқан 10 білім мекемесінің еңбек ұжымдары мен қоғамдық (техникалық) инспекторлар жеңімпаз болып, марапаттарға ие болды.
«Кәсіподақ ақпарат»30.04.2016ж.
-
Фотографии
-