
№42 «Тілек» балабақшасы 1992 жылы тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі ана тілімізде тәрбие беретін балабақшалардың алғашқылардың бірі болып ашылды
Біздің №42 «Тілек» балабақшасы 1992 жылы тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі ана тілімізде тәрбие беретін балабақшалардың алғашқылардың бірі болып ашылды. Сол жылдардан бері балабақша өз жұмысын үздіксіз тоқтатпай үлкен жетістіктерге жетіп, қаншама сәбилерді өмір жолына жол көрсетіп қанат қақтырып ұшыруда.
Міне, көзді ашып жұмғанша, еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығын да атап өттік. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.
Соның көрсеткіші ретінде біздің балабақша ұжымы директорымыз Аугалиева Райхан Алтынханқызымен кәсіподақ ұйымының төрайымы Абитаева Алия Мейрамқызымен бірлесе отырып үлкен жетістіктерге жетудеміз. Құрмет граммотасы «Үздік театрлық қойылым» 2013 ж., Тәуелсіздік күніне арналған «Әнім саған Қазақстан» Патриоттық әндер 2014ж., «Еңбек адамы – Мемлекетіміздің жоғарғы құндылығы» 2014 ж., Қауіпсіз еңбек акциясы негізінде 2 дәрежелі дипломмен 2015 ж., «Хоровой коллектив» 2016 ж., «Ұстаз ұлы тұлға» 1 орын Республикалық форумнан 2016ж., «Үздік педагогикалық ұжым» Республикалық форум 2016 ж. марапатталды.
Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ. Ұжымымыз Қазыбек би ауданының білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен өткізілген сайыста «Бақытты Қазақстан» атты әнімізбен облыстық сайысқа өткен болатынбыз. Осы патриоттық әнімізді Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы қатысқан Қарағанды облысы колледж студенттері мен ардагерлері арасында өткен шахмат турниріне тарту еттік.
Иманкулова Бекзат Хасеновна
Сулейменова Лаура Бейбитовна
№ 42 «Тілек» балабақшасы, Қарағанды қ.
Тәуелсіздік күніне!
-
Фотографии
-