«Балапан» ұядан ұшып шыққан «Бәйтерек» балабақшасына 5 жыл
Қазақ халқы Қазақстан елі атанып, көк туын желбіреткеніне 25 жыл толып отыр. Тәуелсіз мемлекетіміздің тағдыры, оның ертеңі, болашағы, қазақ ұлтының өркениетт әлемге тұрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан жылға күшейіп келеді. Қиын кезеңдерді артта қалдырып, болашаққа үлкен үмітпен қарап, әлемдік саясатта бейбітшілік пен татулықты, жалпы адамзаттық құндылықты жалау етіп ұстанған елбасымыздың саясаты халық үмітін жігерлей түсті. Еліміздің болшағы жарқын, экономикасы тұрақты, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекеттік сауаттылықты, білім беру жүйесінің мықты болуы үлкен маңызға ие екендігі тәуелсіздік жылдарында ашылған ғылыми-зерттеу білім ордалары мен зияткерлік мектептердің және тәжірибе аламасу бағдарламаларының көптеп ашылуының айғағы.
Мемлекетіміздің өркендеуі, дамуы, гүлденуі болашақ білімді жастарды қажет етеді, жаңа замандағы ғылымның жетістігінен толық хабардар олар мемлекетіміздің көш бастаушысы, ілгерілетушісі болып қалыптасуы керек. Міне, сонда ғана Қазақстан арманы мен мұратына, мақсатына жететіндігі анық. Бұл бастаманы халыққа жолдауында Елбасымыз басты стратегияның бірі ретінде атап өтеді.
Әсіресе, қазіргі таңда қарыштап дамып келе жатқан әлемге балбөбек шақтан заман ағысына төтеп бере алатын жеке тұлға болып қалыптасуға балабақша ұясы үлкен септігін тигізетіндігі рас. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында (2010ж.,29қаңтар): «2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жердегі балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиелеумен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасы әзірленіп, іске асыруға кірісуді тапсырдым»,-деген күннен бастап еліміздегі халқы көп шоғырланған, баланың мемлекеттік балабақшаға кезекке тіркелу жағынан жоғары көрсеткішке ие ауылдар мен аудандар және қалаларда жоспарға сәйкес арнайы бала санына шақталған балабақшалар бой көтере бастады.
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қарағанды қаласындағы Қазыбек би ауданына қарасты Астана шағын ықшам ауданында 2011жылдың 29 желтоқсанында 480 орындық балаға арналған үш қабатты «Бәйтерек» балабақшасы салтанатты түрде ашылды. Балабақша іші кең, жарық, таза, соңғы үлгідегі заман талабына сәйкес жабдықталған. Жаңа үлгіде салынған білім беру ордасының басқару кілтін облыс әкімі Қарағанды қаласында жас бүлдіршіндерге тәрбие мен білім беру жүйесінде үлкен еңбек атқарып жүрген, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Тебай Рашида Ұмбетқызына ұсынды.
«Бәйтерек» б/б директоры Тебай Рашида Ұмбетовна
Білікті басшының бастамасымен әрбір топ қазақша нақышта аталып, 12 топ қазақ тілді, ал 4 орыс тілді топ болып құрылды. Бүлдіршіндерді қарсы алатын қабылдау бөлмесі, ойнайтын, тамақтанатын, жуынатын, жатын бөлме барлығы баланың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әсем түстермен әрленген және жабдықталған. Ата-аналар балаларын заман талабына сай білім мен тәрбие беретін ошаққа қуанышпен, үлкен сеніммен білікті тәрбиеші мамандарға тапсырады.
Міне, бүлдіршіндердің күлкісімен, қуанышына толған «Бәйтерек» балабақшасына биыл 5 жыл толды. Балабақша ашылған күннен бастап оқыту мен тәрбие беру үрдісінде атаулы іс-шаралар атқарылып, педагогтар мен бүлдіршіндердің жетістіктерімен әйгілі.
ҚР-ның білім беру жүйесімен бекітілген айтулы мерекелерге арнап ертеңгіліктер, ойын-сауықтар, спорттық жарыстар мен сайыстар, шығармашылық іс-шара жүргізіп отырады.
Бүлдіршіндеріміз Халықаралық, Республикалық, облыстық және қалалық зияткерлік сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтар болсақ, «Үркер», «ПОНИ», «Зерде», «Өркен», «Алғашқы қадам» т.б., 2013- 2014, 2015 -2016 оқу жылдарында қатарынан «Үркер» зияткерлік сайысының І орын кубок иегері атанып келеді. «Тәуелсіз елім-Қазақстан!» ән-байқауында І орын, «Толағай» спорттық ойын сайысында 2015- 2016ж. І орын, «Тіл жанашырлары» қазақ тілін насихаттау сайысында І орын (2015ж) т.б. байқаулардан жүлделі орындарға ие болып, балабақша мерейін көтеріп жүр.Халқы құрметтейтін , педагогтарды ізіне ертіп, алда тұрған міндеттерді аброймен жүзеге асыруды қамтамасыз етуде бар күшін салып отырған басшымыз Тебай Рашида Үмбетқызы «Бәйтерек» балабақшасының көркейіп гүлденуіне ұжымның ауызбіршілігі мен шығармашыл талабы, заманауи ғылым,білімді меңгерген, жан-жақтылыққа ие білікті мамандардың қолында екендігін ұжымға ақылымен айтып отырады. Педагогтардың біліктілігін арттыру, өзіндік жұмысымен, балалармен ҰОҚ, балабақшаның оқу жылында алдыға қойған міндеттеріне сүрінбей жетуіне бағыт-бағдар беріп отыратын әдіскерлеріміз Есмаханова Марина Вячеславовна мен Нуртаева Гульшат Каиржановна еңбектері зор. Ұжым жыл сайын жас мамандармен толығып отырады. Жас маманның жұмысын жемісті етіп, тәжірибесіне үлгі –өнеге көрсететін білікті, тәлімгер тәрбиешілеріміз Абильдинова Сауле Мажитовна, Тусупова Салтанат Сагындыковна, Исабаева Акжайык Кайнаровна, Маманова Жемісхан Темирбековна, Конкаева Саида Танатовна, Оспанова Марина Анатольевна, Уатаева Жулдыз Уаисовна және жас мамандарымыз Тяжина Жансая Болатқызы, Аманжол Алемгүл, Азанбай Айзада, Бопишева Жанар Копбаевна, Сергазиева Бибину, Сагадиева Асемжан, Тойшыбекова Саягуль т.б. жыл сайын өз тәжірибелерімен республикалық, облыстық, қалалық конференцияларға қатысып және журналдарға мақала жазып бөлісіп отырады.
«Бәйтерек» балабақшасы жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру мен құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыруды көздейді. Әрбір ұймдастырылыған оқу қызметі мен іс – шара, ата-аналармен жұмыс мақсаты руханилық тәрбиесіне құрылып, міндеттеледі. Сонымен балабақша жылдық міндеттерінің бірі-үш тұғырлық білім беру. Осы міндетті жүзе асыруда балабақшамызда тілдер кабинеті ашылып, электронды құралдар мен кітапшалар, диск, компьютер, интерактивті тақта т.б.жабдықталған. Қазіргі таңда педагог қауымның 78% ағылышын тілін меңгерген, ал бүлдіршіндеріміз ауыз екі тілде сөйлеуге жаттығу үстінде.
Бөбектерге білім мен тәрбие беру жұмысында тынбай жұмыс жүргізудің арқасында «Бәйтерек» балабақшасы Қарағанды қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту рейтинг көрсеткіші бойынша 2014-2015 оқу жылы І орынға және 2015-2016 оқу жылында І орынды иеленді.
«Бәйтерек» балабақшасының медбикесі Насырова Гульзира Маратовна балабақшамызға аяқ басып келген әр баланың денсаулығын баса назарға алып отырады. Ата-аналар мен тәрбиешілерге бала денсаулығын нығайту сауықтыру-шынықтыру шаралары, аурудың алдын алу жолдары жайында кеңестер беріп, балабақшаға 100% балалардың келуін саралап отырады.
Балабақша – пәк сәбилердің білім ордасы. Осы білім ордасының сыртқы және ішкі тазалығы, жұмыскерлердің қызметіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, жыл сайын әрлеу, безендіріу жұмыстарын атқарып отырған Разакова Кулаш Омирбаевна күнделікті балабақшамыздың қауіпсіздік шараларын ұйымдастырып, белсенді жұмыс атқарып келеді.
Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы тұрақталып, кәсіподақ ұйымының жұмысы да күн сайын жанданып отыр. Балабақшада кәсіподақ ұйымының жұмысына тоқтала кетсем, кәсіподақ мүшелері өз белгіленген жоспарлы жұмыстарын іске асыруда. Әр жыл сайын Қазыбек би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақтар ұйымының ұйымдастырылуымен мерекелік іс-шараларға қатысып тұрады. Қоғамдық шаралардың да бел ортасынан табылуға тырысатын әріптестердің еңбегінің арқасында балабақшамыз кәсіподақ ұйымының марапаттарына ие болды. Біздің тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, бірлік. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жылдық мерейтойына арнап Қарағанды қалалық Қазыбек би аудандық кәсіподақ ұйымы мен қалалық білім бөлімі, мектептер мен мектепке дейінгі білім мекемелерінің арасында байқау ұйымдастырылды. Осы байқауда біздің балабақшамыз бас жүлде – Гран-приді жеңіп алды. Адал еңбектің бағалаушысы бар да, белсенділерде де көбейе түсетіні анық. Бұл біздің әріптестер, балабақша үшін биік белес.
Міне, бес жылдың ішінде биік жетістіктерге жеткен «Бәйтерек» балабақшасының директоры Тебай Рашида Ұмбетқызын және ұжымды мерейлі туған күні, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болып, 30 елдің қатарына енуге Алла нәсіп етсін! Болашағымыз жарқын, еліміз тыныш, азаматтығымыз баянды болсын! Қазақ елі болашақта Әлем мойындаған білімді мемлекетқатарына енсін!
Ұжымға шығармашылық табыс, береке-бірлік, сәбилер шаттығын, еңбектің жемісін тілейміз! Тәуелсіз ел тұғырын ұстайтын жас бөбектерді тәрбелеп отырған «Бәйтерек» балабақшасы құлашын кеңге жай берсін!
Педагогика ғылымдарының магистрі, кәсіподақ ұйымының төрайымы Ныгыметова Зибагуль Турсыновна.
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Астана шағынаймағы, Ермеков 106/3 орналасқан КМҚК «Бәйтерек» балабақшасы.
-
Фотографии
-