
Текелі қаласындағы кәсіподақтың семинары
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымының ұйымдастыруымен а. ж. 30 наурызында Текелі қаласындағы № 5 орта мектебінің мәжіліс залында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен кадрлар жұмысына жауапты мамандары арасында «Ұжымдық шарт. Жұмыс берушінің актілері. Кәсіподақ органының дәлелді пікірлерін есепке алу. Еңбек заңнамасын орындамағаны үшін жұмыс берушінің кейбір жауапкершілік мәселелері» тақырыбында құқықтық семинар өткізілді. Семинарда төрағалық еткен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымы» ҚБ-нің Текелі қалалық комитетінің төрайымы Малчабаева Роза Бекболатқызы өзінің кіріспе сөзімен семинарлардың маңыздылығын айтып, тыңдаушыларға белсенді болуға шақырды. Одан кейін тыңдаушылар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының» құқықтық жұмыс жөніндегі бас маманы Асылханов Қайратбек Мұхаметкәрімұлының ұжымдық шарт, жұмыс берушінің актілері, кәсіподақ органының дәлелді пікірлерін есепке алу және еңбек заңнамасын орындамағаны үшін жұмыс берушінің кейбір жауапкершілік мәселелері туралы дәрісін тыңдады. Пікір – таласпен өткізілген семинарында білім саласының қызметкерлері ойларында жүрген кейбір еңбек заңнамасы мен өзге де тақырыптарды қамтитын сұрақтарына жауаптарын алды. Семинарға қатысушылар болашақта өздерінің әлеуметтік – экономикалық құқықтарының қорғалуы мен жағдайларының жақсаруы үшін кәсіподақ ұйымдарының құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын түсінді. Семинар соңында, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына, ұжымдық шарттың талаптарын орындалуына тұрақты түрде қоғамдық бақылау жүргізіп, кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын іс жүзінде қорғау тапсырылды.
Өткізілген семинарға 26 тыңдаушылар қатысып, естелік суретке түсті.
Талдықорған аумақтық ұйымының бас маманы Қ. Асылханов
-
Фотографии
-