
Күшті бастауыш ұйым — күшті кәсіподақ
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Кербұлақ аудандық комитетінің ұйымдастыруымен Сарыөзек кентіндегі «Ай-Сана бөбекжай-балабақшасы» МКҚК-да еңбек ұжымының қатысуымен жиналыс өтті.
Аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымыЛяззат Қайдарқызының қатысуымен өткен жиынғабалабақшадағы бастауыш кәсіподақ ұйым мүшелері қатысып, ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Жиынды Кербұлақ аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымыЛ.Момбаева ашып, жүргізді. «Кәсіподақтар - қоғам дамуының ажырамас бөлігі екендігі ақиқат. Негізінде адамдардың өнімді еңбек етуіне жағдай туғызу кәсіподақ ұйымының міндеті», - деді Ләззат Қайдарқызы. Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктің төрайымы ұжымдық шарт ең алдымен қарапайым жұмысшы үшін қажет екендігін, осы құжат бүгінде жұмысшы-қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мен қорғаудың сенімді көзіне айналғандығын айтты.
Жиналыс барысында «Ай-Сана бөбекжай-балабақшасы» МКҚК директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Үміт Молдаханова бірауыздан балабақшадағы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайланды.
Кербұлақ аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымыМомбаева Л. жаңадан сайланған кәсіподақ төрайымын құттықтап, еңбегіне табыс тіледі.Сондай-ақ, ұжымның ішкі микроклиматы кәсіподақ ұйымының еңбектеріне тікелей байланысты екендігін айта келе, 2016-2017 жылдарда балабақшадағы бастауыш ұйымының жұмысына тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді айқындап берді.
«Ай-Сана бөбекжай-балабақшасы» МКҚК-да кәсіподақ мүшелерінің саны 85 мүшесі бар. Оның ішінде 30 жасқа дейінгі жастар саны - 38, яғни барлық мүшелер санының 45 пайызын құрайды.
Талдықорған аумақтық ұйымының
баспасөз қызметі