Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті
2018-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясын жаңғыртудың "Жол картасында" аталған міндеттерді орындау мақсатында ақпан айының 20 күні Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті.
Конференция делегаттары – білім беру мекемелерінің басшылары: мектеп директорлары, балабақшалар меңгерушілері, мектептен тыс мекемелердің басшылары, 34 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, барлығын қосқанда 73 адам қатысты. Конференция жұмысына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Серікова, облыстық кәсіподақ ұйымының жетекші маманы А.Серимбетов және Ойыл ауданы әкімінің орынбасары А.Қазыбаев, Ойыл аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Тлепов қатысты.
Күн тәртібінде Ойыл аудандық кәсіподақ ұйымының 2015-2017 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалып,Ойыл аудандық кәсіподақ ұйымының көшбасшысын сайлау сұрақтары қаралды.
Конференция барысында аудандық кәсіподақ ұйымының төрағалығына 2 кандидатура ұсынылып, нәтижесінде Ойыл аудандық Оқушылар үйінің директоры Избагамбетова Гулмира Сабырқызы көпшіліктің ашық дауысымен кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайланды.
Конференцияның соңында бірқатар кәсіподақ белсенділеріне облыстық кәсіподақ ұйымы атынан марапатталды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ.
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ.
-
Фотографии
-