.jpg)
1-наурыз «Алғыс айту күні» және 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекелеріне орай ұйымдастырылған Ақтобе облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 1-наурыз «Алғыс айту күні» және 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекелеріне орай ұйымдастырылған облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі 2018 жылдың 2наурыз күні өтті.
Осы шараға Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығының төрағасы А.Әмірғалиев, Ақтөбе облысының білім басқармасының өкілі, «Өрлеу» Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының өкілдері, білім мекемелерінің басшылары, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Білім саласы қызметкерлерінің беделін, мәртебесін көтеру, еңбектеріне алғыс айту мақсатында ұйымдастырған шараны облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Раушан Серікова ашып, ұстаздарды құттықтады.
Екі аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларын зейнеткерлікке шығарып салып, Ақтөбе облыстық кәсіподақтар Орталығының Құрмет грамоталары мен облыстық кәсіподақтан 100 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Екі кәсіподақ мүшесі «Білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.
Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі,жаңартылған білім берутехнологияларын дамытудағы және жас ұрпақтыоқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылықжетістіктері, сонымен қатар білім беруқызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалықмәселелерін шешуге бағытталған белсендіжұмысы үшін білім саласының бірқатар әлеуметтік серіктестері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, ұстаздарАқтөбе облысының білім басқармасы мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бірлескен Алғыс хаттарымен және облыстық кәсіподақ есебінен сыйақылармен, шипажайларға жолдамалармен марапатталды. Барлығы 30 кәсіподақ мүшесі.
Шараға аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, ұстаздар – кәсіподақ мүшелері қатысты, барлығы 71 адам.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ