Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Панфилов аудандық комитетінің ұйымдастыруымен Бусаков атындағы орта мектепте «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған!» тақырыбында мерекелік шара өтті. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткен шараның құрметті қонағы ретінде ардагер-ұстаздар шақырылды.
Жиналған қауымды Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық маслихаттың депутаты Мақытбек Әділұлы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанар Бекқожақызы, педагогикалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Молот Солтанаев құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдіріп, жыр - шашуларын арнады.
«Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе де болады. Бірі ғалым, бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер. Солардың бірі әрі бірегейі - біздің аяулы ұстаздар. Ұстаздың еңбегін бағалап, сыйлап, ұзақ өмір тілей отырып, бесік тербеткен, әлемді тербеткен-асыл аналарымыз аман болсын, жасай берсін деп тілеймін», - деді өз құттықтауында ұйым төрағасы М.Тұрлыбеков.
Соңында мектеп психологы Шахидам Велахунқызы психологиядағы «байқатпай тәрбиелеу» деген ұғымды түсіндіріп, зейнеткер ұстаздармен шағын тренинг өткізді. Қонақтар құрметіне әсем әндер шырқалып, 11 сынып оқушыларының күшімен дайындалған сахналық қойылымымен жалғасты.
Білім және ғылым қызметкерлерікәсіподағы
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-