
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ МАҢЫЗДЫ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес əлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін талқылау, сонымен қатар 2018-2019 жылдарға арналған ҚР Кəсіподақтар Федерациясының ұсынған кәсіподақ қозғалысын модернизациялауға арналған жол картасынын іске асыру механизмін түсіндіру мақсатында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы Талас ауданында «Еңбек және салалық заңнамаларды, әлеуметтік әріптестік актілерін тәжірибеде қолданудың бірқатар сұрақтары» тақырыбында көшпелі семинар-мәжіліс өтті.
Шараға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, төраға орынбасары Берік Баймағамбетов, Кәсіподақтың Біріккен комитетінің төрағасы Жанболат Орынбеков, ауданның білім мекемелері мен ұйымдарының басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, аудандық білім бөлімдерінің қаржы-экономикалық және кадр қызметінің мамандары қатысты.
Жиын барысында сондай-ақ, Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының жарғылық міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы ақпаратымен қоса, 2018-2020 жылдарға арналып қабылданған Әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің нормалары мен ережелері және оларды қолдану тәртібі жан-жақты талқыланды.
Перизат БАҚЫТ
-
Фотографии
-