
«Жаңашылдық, өзгеріс, жаңа әдіс - тәсілдер балабақшада»
Маңғыстау облыстық білім басқармасының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 16.03.2018 ж. күні «Жаңашылдық, өзгеріс, жаңа әдіс-тәсілдер-балабақшада» тақырыбында педагогикалық оқуының облыстық кезеңі болып өтті.
Байқаудың мақсаты: Мектепке дейінгі білім саласындағы модернизациялау бағытын жүзеге асыру және сапалы қызмет атқаруына ықпал ету, педагогтардың кәсіби шеберлігін, интеллектуалды, рухани дүние байлығын, мамандық маңыздылығын көрсете білу.
Байқау екі кезеңнен тұрды. І кезеңге барлығы 15 мектепке дейінгі ұйым педагогтары қатысып, ІІ іріктеу кезеңінде 8 үміткер бақ сынады. Қатысушылар өз іс-тәжірибесінде қолданып жүрген жаңа технологиялардың қаншалықты маңызды екенін айтып, өз ойларымен бөлісті.
Байқау жоғары деңгейде өтті. Байқау нәтижесінде: І орынды Мұнайлы ауданы № 9 «Бәйтерек» балабақшасының музыка пәні жетекшісі Юсупова Айгерим Мауленовна, ІІ орынды Қарақия ауданы «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиешісі Сактаганова Айгүл Дюсенбаевна, ІІІ орынды Ақтау қаласы № 58 «Балауса» балабақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мукашева Айпатша Амангелдиевна, ІІІ орынды Жаңаөзен қаласы № 23 «Айзере» балабақшасының әдіскері Ембергенова Балзия Джумагалиевна иеленді.
Барлық қатысушыларға дипломдармен бағалы сыйлықтар және облыстық кәсіподақ ұйымынан арнайы сыйлықтар табысталды.
«Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Маңғыстау облыстық ұйымы» маманы А.Аманиязова
-
Фотографии
-