Білім ордасындағы келелі кездесу
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының бастамасымен облыс орталығындағы Ушинский атындағы № 7 орта мектептің еңбек ұжымымен кездесу өтті.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыровтың төрағалығымен өткен кездесуге «Алматы облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық маслихаттың депутаты Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы, білім беру мекемесіндегі кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты.
«Алматы облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Қыдырманов өз сөзінде Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» Заңына өзгерістер енгізу бойынша жер-жерде қоғамдық тыңдаулар өтіп, Заң жобасы талқыланып жатқандығын айтты. Сонымен қатар, кәсіподақтардың қызметін түбегейлі реформалау мақсатында қабылданған «Жол картасы» аясында атқарылар шараларға тоқталды.
«Жол картасы кәсіподақтар активінің білім деңгейін арттыруға, жұмыс орындарында еңбек шарттарын жақсартуға, еңбек адамының мүдделері мен заңды құқықтарын қорғауға, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеуге атсалысу арқылы адам капиталын дамыту, кәсіподақтарды күшейту және нығайтуға бағытталған. Кәсіподаққа жастарды кеңінен тарту, БАҚ және әлеуметтік желілермен ақпараттық жұмысты күшейту көзделіп отыр», - деді өз сөзінде Әсет Серікқалиұлы.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров 2018 жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығында бастауыш кәсіподақ ұйымдарында өтетін есеп беру-сайлау науқанына дайындық жүргізу қажеттігін айтып, Елбасының «Бес әлеуметтік бастамаларына» және қоғамдық бірлестіктің алға қойған мақсат – міндеттеріне тоқталды.
Ашық диалог форматында өткен кездесу барысында ұстаздар пән бірлестігі жетекшісінің еңбегін бағалап, ақы төлеу қажеттігіне, жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс жасап жүрген ұстаздар жалақысының мөлшері турасында сұрақтар қойып, тиісті жауап алды.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фотографии
-