
Жастар ісі жөніндегі Кеңестен
Жуырда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы «Қарғалы» пансионатында өткен Жастар ісі жөніндегі Кеңестің мәжілісіне «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі атынан М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Жолмағанбетов Мерей Көпжасарұлы қатысты. Шарада жыл бойы жасалған жұмыстар, алға қойған мақсаттар туралы және жазғы жастар лагерлері туралы айтылды.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ