
Ұстаздар бақ сынады
Елбасының биылғы жылғы жастар жылы деп жариялауын қолдау мақсатында қалалық білім бөлімі және Семей қалалық кәсіподақ ұйымының қолдауымен мектеп мұғалімдері арасында саламатты өмір салтын насихаттауға арналған жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері арасында дойбыдан қалалық спортакиада өткізілді.
Қазақстанда дойбыдан ресми жарыстар 1935 жылдан бері өтіп келеді. Кейбір деректерге қарағанда дойбы қазақ жеріне 1740 жылдар шамасында келген, Абайдың атасы Өскенбай, өз әкесі Құнанбай, атақты Кемпірбай ақын және олардың замандастары дойбыны құмартпа ойнаған. Абайдың Жидебайдағы мұражайында ұлы ақынның дойбысы әлі күнге дейін сақтаулы тұр. 1970 жылы Семейде арнайы шахмат-дойбы мектебі ашылды. 1976 жылы Семейдің №1 мектеп интернатында 9 сынып оқушыларының өзінде 4 бірдей спорт шеберлігіне үміткер дайындалды.
Семей қаласы талантты дойбышыларды дайындайтын орталық десе болғандай, солардың бірі 19-20 ақпан аралығында №8 жалпы орта білім беретін мектепте мұғалімдер арасындағы қалалық спортакиадасының бәсі жоғары деуге болады. Құбылмалы ауа-райы қолайсыздығына қарамастан жарысқа келген Знаменка, Б.Исадилов, Шульбинск, Озерка елді мекен мұғалімдері жарыс көркін кіргізді. Барлығы жарысқа 26 командадан 78 мұғалім қатысқан. Ойын щвейцар жүйесімен жеті кезеңде өткізілді. Ақсақалымыз Дәрубай Құрмашұлы Бастартқан төрешілер Узбеков Алибек, Тиыштықбаев Айдостың ұйымдастыруының арқасында жарыс жоғары деңгейде өткізілді.
Үшінші орынға Беріков Б.А, Қойшыбаев Н.С, Сасенова Г.Б бастатқан №47, екінші орынға Қыдырбаев А.Н, Аптабаев Е.Б, Байботанова А.Е №35 мектептен иеленсе №32 мектеп директоры Райымханов Х.А, мұғалімдер Сабиханова Г.Г, Жакупов Е.Б қала чемпиондары атанды. №8 орта мектеп директоры Айдын Асқарбек ұлына және ұжымына бірнеше жыл қатарынан дойбы ойынының өркендеуіне қолдау көрсетіп келе жатқанына, дойбышы мұғалімдер атынан айтар алғысымыз шексіз.
Жарыстың бас төрешісі Дархан Муратханов
ҚР Ұлттық дәрежедегі төреші
-
Фотографии
-