КОЛЛЕДЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бағытта облыстық кәсіподақ ұйымы әлеуметтік әріптестікті дамытуға ерекше көңіл бөліп, сала мамандарының мүдделерін қорғауды басты міндеттердің бірі ретінде қарастырады.
Осы орайда Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының заңгер мамандары А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде болып, кәсіподақ мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында қызметкерлерге еңбек заңнамасының негізгі талаптары түсіндіріліп, педагогтардың құқықтарын қорғау, еңбек қатынастарын дұрыс рәсімдеу және қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтау мәселелері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметі сараланып, оны жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар берілді.
Іс-шара аясында ұжымдық шарттың маңыздылығы, оқу жүктемесін әділ бөлу, еңбек шарттарын заң талаптарына сай рәсімдеу және ішкі еңбек тәртібін сақтау секілді өзекті тақырыптар қамтылды. Заңгерлер тарапынан нақты тәжірибелік кеңестер ұсынылып, құжаттарды дұрыс жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
-
Фотографии
-