ПЕДАГОГТАР АРАСЫНДА СПОРТ САЙЫСЫ
Абай облысының Жарма ауданында білім мекемелерінің педагогтары арасында дәстүрлі ХХV спартакиада спорттың 8 түрінен өткізілді.
Жарысқа қатысушылар жекелеген ойын түрлерінен негізгі және орта мектептер болып бөлісті. Болат Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде өткен жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары С.Сатпеков жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді.
Білім бөлімінің басшысы Д.Ақзамов әріптестеріне жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде өлшеусіз еткен еңбектеріңізбен қатар спорттың дамуына да өз үлестерін қосып жүргендеріне тоқталды. Әсем ән, мың бұралған би салтанатты шараның ажарын ашты.
Жарыс өте тартымды өтіп нәтиже төмендегідей орындармен бөлісті. Орта мектептер арасында жүлделі І орынды «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ иеленсе,ІІ орынды «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ қанжығасына байлады. Жүлделі ІІІ орынды «Георгиевка орта мектебі» КММ-сі алды. Негізгі мектептер арасындағы жүлделер де тартысты өтіп, төмендегідей нәтиже көрсетті. І орынды «Қаражал негізгі мектебі» КММ алса,ІІ орынды «Васильковка негізгі мектебі» КММ-сі еншісіне бұйырды. Ал жүлденің ІІІ орынымен «Салқынтөбе негізгі мектебі» КММ-сі еншіледі. Барлық жүлдегерлерге кәсіподақ комитеті атынан ақшалай сертификаттар мен кубоктар, мадақтамалар және медальдар табысталды.
Абай облысы, Жарма аудандық кәсіподақ комитеті
-
Фотографии
-