ЖАС ҰРПАҚҚА ТАҒЫЛЫМ СЫЙЛАҒАН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
Бала – ел болашағы, ұлттың ертеңі. Олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, рухани бай, саналы азамат етіп тәрбиелеу – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
Бүгінгі күні Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы Наурыз мерекесіне орай салтанатты шара өткізді.
Мерекелік шара барысында Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағы төрағасының орынбасары Болат Тұрысбеков сөз сөйлеп, жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Ол ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың маңыздылығына тоқталып, мұндай тағылымды шаралардың жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше екенін атап өтті.
Сондай-ақ, орталық директоры Ерлан Сансызбаев та құттықтау сөз сөйлеп, тәрбиеленушілерге ізгі тілегін білдірді. Ол өз сөзінде балалардың жан-жақты дамуына, олардың қоғамға бейімделуіне бағытталған мұндай іс-шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.
Мерекелік бағдарлама аясында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрін бейнелейтін сахналық көріністер қойылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, «Зерде би» ансамблінің бишілері ұлттық билерді нақышына келтіре орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Ал «Бақ-Жұлдыз» медиа орталығының оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, көркем сөз оқып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-