МАЗМҰНДЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА
Наурыз мерекесі қарсаңында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ерекше мазмұнды мерекелік шара өтті. Оқу орнының бастауыш кәсіподақ ұйымы университет қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, олардың еңбегін жоғары бағалады.
Мерекелік басқосуда бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жандарбек Иманчиев ұжым мүшелерін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде университет қызметкерлерінің білім мен ғылым саласын дамытуға қосып жүрген сүбелі үлестерін ерекше атап өтіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Салтанатты жиын барысында бірқатар қызметкерлерге облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары табысталды. Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан ақшалай сыйақылар беріліп, ұжым мүшелерінің еңбегі лайықты марапатталды.
-
Фотографии
-