«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхтаров Сабыржан Сағидоллаұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.
Сабыржан Мұхтаров – қазақ филологиясы саласында өзіндік орны бар, шәкірт тәрбиелеуде, ғылыми зерттеулер жүргізуде және қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен танылған білікті ғалым. Ғалымның ұстаздық жолдағы еңбегі де ерекше құрметке лайық.
Бүгінгі жоғары марапат – осы жылдар бойғы ізденіс пен еңбектің, ғылым мен білімге деген адалдықтың жемісі. Бұл жетістік тұтас өңір үшін үлкен мақтаныш.
Мұхтаров Сабыржан Сағидоллаұлын жоғары мемлекеттік наградасымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ғылыми шығармашылық табыстар, толағай жетістіктер тілейміз!