ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ
Әз Наурыз мерекесі қарсаңында Ақтөбенің Шалқар ауданында білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген кәсіподақ мүшелеріне арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты – ұстаздар мен білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсету болды.
Салтанатты жиын барысында аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының бірлескен Алғыс хаттарымен бірқатар білім беру ұйымдарының қызметкерлері марапатталды. Бұл – олардың шәкірт тәрбиелеудегі табанды еңбегі мен кәсіби жетістіктеріне берілген лайықты құрмет.
Іс-шарада аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлсайра Құлекенова сөз сөйлеп, жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде ұстаздардың қоғамдағы ерекше рөлін атап өтіп, олардың жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріне жоғары баға берді.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге көктемгі каникул кезінде Түркістан қаласына тарихи-танымдық саяхатқа сертификаттар табысталды. Бұл бастама ұстаздардың еңбегін ынталандырып қана қоймай, олардың рухани-мәдени танымын кеңейтуге де мүмкіндік береді.
Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
-
Фотографии
-