САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Наурыз мерекесі қарсаңында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы сала үздіктерін ұлықтап, құрмет көрсетті. Ұстаздық жолда жемісті еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізген жиырмаға жуық педагог арнайы марапаттарға ие болды. Оларға ақшалай сыйақы сертификаттары табысталып, еңбектеріне лайықты баға берілді.
Іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды. Басқосуда облыстық ұйым төрағасы Раушан Серікова сөз сөйлеп, ұстаздардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Ол білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген үздік педагогтарға алғысын білдіріп, олардың еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға еңбек құқықтары жөнінде де кеңінен ақпарат беріліп, маңызды мәселелер түсіндірілді. Нәтижесінде қатысушылар еңбек құқықтары жөнінде нақты әрі пайдалы ақпарат алды.
-
Фотографии
-