ҚАРҒАЛЫДА БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Наурыз айындағы мерекелердің тоғысында Ақтөбеде Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар мен сала қызметкерлерінің еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсету.
Салтанатты жиын барысында ауданның үздік білім қызметкерлері арнайы марапаттарға ие болды. Оларға облыстық және аудандық кәсіподақ ұйымдарының алғыс хаттары мен марапаттары табысталып, бағалы сыйлықтар ұсынылды. Сонымен қатар бірқатар үздіктерге тарихи-танымдық саяхатқа жолдамалар берілді.
Мерекелік шарада ұстаздардың білім беру саласына қосқан үлесі ерекше атап өтіліп, олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды еңбегі жоғары бағаланды. Мерекелік кездесуге қатысушылар бір-бірімен көрісіп, Наурыз мерекесіне орай ізгі тілектерін білдірді. Шара барысында жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл-күй орнады.