ҰСТАЗДЫҚ - ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ
Адам бойындағы асыл қасиеттерімен,парасатымен,еңбегімен өзгелерге өнеге болатын жан.Ол өз ісіне адал,айналасына жарық сыйлайтын кез келген жан.Сондай жанның бірі - Кадырберлина Зәуреш Мүсірәліқызы.
Зәуреш Мүсірәліқызы 1959 жылы 29 қарашада Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Қасым Аманжолов ауылында дүниеге келген.Білімі жоғары. 1983 жылы Сакен Сейфуллин атындағы Мемлекеттік Педагогикалық Институтын бітірген. Институтты тәмәмдап педагогикалық қызметін ұстаз болудан бастаған. 2009-2010 жылы Серік Елгизек атындағы негізгі орта мектебінде физика пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасты.2011-2015 жылдары аталмыш мектепте мектеп директорыны оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Педагогикалық еңбек өтілі 36 жыл.Ұстаздық еңбек жолдарында облыс,аудан көлеміндегі семинарлар мен ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысып іс-тәжірибесімен бөлісе білді.Әр іске шығармашылық тұрғыдан қарап,оқыту мен тәрбие берудің жаңашыл әдістері мен форматтарын қолдануды өзінен және ұжымдастарынан талап ете білді.
Зәуреш Мүсірәліқызы қазіргі таңда зейнеткер. Зейнеткерлікке шықсада ол әрдайым ұстаз.Себебі ұстаздық - қызмет емес,ол жүректің қалауы, өмірлік миссия. Ұстаздық еткен жылдарыңызды шәкірт тәрбиелеуге арнап,талай буынның жүрегіне білімнің шырағын жақтыңыз.Сіздің сабырлы сөзіңіз,дана кеңесіңіз, әділдігіңіз бен мейіріңіз-талай жастың өмір жолына бағыт берген шамшырақ болды.
Қарағанды облыстық ұйымы