МЕКТЕПТІҢ ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ
Маңғыстау облыстық білім басқармасының №3 арнайы мектебінде сынып жетекшілер арасында «Үздік сынып жетекші-2026» атты сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты – ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және тәжірибе алмасу.
Сайыс үш кезеңнен тұрды:
1. Өзін-өзі таныстыру;
2. Тәрбие жұмысының таныстырылымы;
3. Шығармашылық тапсырма.
Қатысушылар тәрбие жұмысының мазмұнын, жаңашыл әдістерін, шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті. Әр сынып жетекші өз ісіне деген жауапкершілігін, ізденімпаздығын және шеберлігін көрсетті.
Сайысқа облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ ұйымының өкілдері, сондай-ақ арнайы мектептердің директорлары қазылар алқасы ретінде шақырылды. Қазылар ұстаздардың кәсіби шеберлігіне әділ бағасын берді.
Сайыс қорытындысында үздіктер анықталып, марапатталды.
Мұндай тағылымды шаралар педагогтардың кәсіби дамуына серпін беріп, тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік жасайды.
Маңғыстау облысы, №3 Арнайы мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-