ЖАҚСЫЛЫҚ СЕБЕТІ
Алғыс айту күні – өзара құрмет пен ризашылықтың, ынтымақ пен бірліктің мерекесі.
Алғыс айту күні мерекесіне орай СҚО, Айыртау ауданы, N1 Саумалкөл орта мектебінде «Жақсылық себеті» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Мектеп мұғалімдері мен оқушылары аса мұқтаж жандарға жылулық пен қамқорлық көрсету үшін күш біріктірді.
Шарада қолдау мен көңіл бөлуді қажет ететін отбасыларға керекті заттар салынған азық-түлік себеттері таратылды.
Бұл шара мектеп ұжымының бірлігінің, жанашырлығының, белсенді азаматтық ұстанымының жарқын үлгісі болды. Осы игі іске атсалысып, үлес қосқан баршаға алғысымызды білдіреміз!