ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ: 40 ЖЫЛДАН КЕЙІН: ЖЕЛТОҚСАН РУХЫМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ӨМІР
Хасенова Ляззат Каукенқызының өмiрбаянында ерекше орын алатын бiр маңызды жайт – 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысуы. Өскеменде болған бұл тарихи сәттерге белсенді қатысуы оның елжандылығын, қоғамға деген жауапкершiлiгiн айқын көрсетедi. Оның осылайша бiлiм, тәрбие, елге қызмет ету жолындағы адал еңбегi, ұрпаққа үлгi етерлiк iстерi кейiнгi буынға үлкен сабақ болары сөзсiз.
Хасенова Ляззат Каукенқызының – бiр сөзбен айтқанда, бiлiм мен тәрбие жолында өзiн арнаған, елi мен жерiне адал қызмет еткен азаматша. Оның өмірбаяны – еңбекке, iзгiлiкке, жастарға деген жанашырлыққа толы. 1970 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген Ляззат Каукенқызының жастайынан ерекше қабiлет-қарымтасымен көзге түскен. 1985 жылы мектептi бiтiргеннен кейiн, педагог мамандығын таңдап, 1989 жылы педагогикалық училищенi үздік бітірді. Мұнан соң, Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң математика және информатика факультетiнде бiлiмiн тереңдете отырып, 1994 жылы жоғары оқу орнын аяқтады.
Мансап жолында Ляззат Каукенқызының еңбек жолы да өзі сияқты өзгеше. 1994 жылы Зайсан ауданындағы мектепте информатика мұғалімі болып еңбек жолын бастаған ол, кейiннен бастауыш сынып мұғалімі, математика және информатика пәндерiнiң мұғалімі қызметтерiн атқарды. Оның еңбекқорлығы мен iскерлiгi жоғары бағаланып, 2009 жылы мектеп директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары, 2014 жылы оқу iсi жөнiндегi орынбасары болып тағайындалды. 2022-2023 жылдары мектеп директорының мiндетiн атқарушы ретiнде де өзiнiң басшылық қабiлетiн көрсете бiлдi. Бүгiнгi таңда ол «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицей» КМУ-нiң директорының орынбасары, мұғалім-зерттеуші, математика мұғалімі ретiнде жас ұрпақтың бiлiмi мен тәрбиесi жолында белсендi қызмет етуде.
Ляззат Каукенқызының еңбегі ешқашан еленбей қалған жоқ. Аудан әкімінің, білім беру бөлімінің, «Нұр Отан» партиясының және «Желтоқсан» ұйымының алғыс хаттары, «SHYGYS QAZAQSTAN KASIPODAQTARYNA – 100 JYL» төсбелгісі, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі, «AMANAT» партиясынан берілген № 3522 куәлік және «Белсенді еңбегі үшін» төсбелгісі – мұның бәрi оның азаматтық және кәсіби белсенділігінiң айғағы.
Отбасы – әр адамның өмiрiндегi маңызды тiрек. Ляззат Каукенқызының 1993 жылы Бақытбек Түркістанұлы Наурызбаевқа тұрмысқа шығып, бүгінде олар жоғары бiлiмдi үш бала тәрбиелеп өсірді. Ұл-қыздары да әке-шешесiнiң iзiмен өз салаларында табысты еңбек етiп жүр. Қызы Айгерім – дәрігер, екінші қызы Арайлым – математика мұғалімі, ал ұлы Бақдәулет – өндірістік оқыту шебері.
Өмір жолындағы әрбір кезеңде Ляззат Каукенқызының өзінің білімге, еңбекке деген адалдығын, еліне деген сүйіспеншілігін дәлелдеп келеді. Оның еңбектері мен жетістіктері – жастарға үлгі боларлықтай. Азаматша ретінде, маман ретінде, азамат ретінде ол өз елінің дамуына, жастардың тәрбиесіне елеулі үлес қосып келеді. Оның жарқын өмірбаяны – білім мен тәрбие жолындағы айнымас ерік-жігердің, адал қызметтің айғағы.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы
#ШҚОбілімкәсіподағы
-
Фотографии
-