МЕКТЕП ҰЖЫМЫ КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Алматы қалалық «№24 лицей» педагогикалық ұжымы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына қатысты Кәсіподақтар федерациясы тарапынан жасалған Үндеумен танысып, оны жан-жақты талқылады.
Ұжым жаңа Конституция жобасының әлеуметтік мемлекет қағидаттарын күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақтылауға, әсіресе еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталғанын қолдайды. Құжатта еңбек ету құқығының мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігімен тығыз байланыста қарастырылуы – қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды қадамы деп есептейміз.
Білім беру саласы қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайлары, әділ еңбекақы, кемсітусіз еңбек ету және әлеуметтік қорғалуға кепілдік беретін нормалардың конституциялық деңгейде бекітілуі ерекше мәнге ие. Бұл өзгерістер педагог мәртебесін нығайтуға, кәсіби тұрақтылық пен сапалы білім беруге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Халық кеңесі сияқты қоғамдық қатысу тетіктерінің енгізілуі азаматтық қоғамды дамытуға, халықтың елді басқару ісіне белсенді араласуына жол ашады деп санаймыз. Бұл – демократиялық құндылықтарды тереңдетуге бағытталған оң қадам.
Осы орайда, №24 лицей ұжымы ұсынылған жаңа Конституция жобасын елдің тұрақты дамуына, әлеуметтік бірлік пен әділеттілікті нығайтуға негіз болатын маңызды тарихи құжат ретінде бағалай отырып, оны қолдайтынын білдіреді.
-
Фотографии
-