КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ
Бүгін «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жылыой ауданында «Білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру, ұжымдық шарттарды жасақтау» тақырыбында мектеп, балабақша басшылары мен еңбекті қорғау инспекторларына арналған семинар өтті.
Семинарды Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының маманы Халидолла Тайпанов жүргізіп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бақылау, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік жөнінде баяндама жасады. Қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар семинар жұмысына Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы Самал Үбіғалиева қатынасты. Ол өз хабарламасында еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп – тексеру материалдарын рәсімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы бұйрықтарды түсіндіріп өтті.
Семинар барысында ұжымдық шарт- ұйымдардағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін жұмысшылар өкілдері мен жұмыс беруші арасында жасалған жазбаша келісім түріндегі құқықтық акт екендігі, ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу тәртібі қалай іске асырылатындығы түсіндірілді.
Ұйым басшылары өздерін толғандыратын сұрақтарына жауап алды. Семинар жоғары деңгейде өтті.
-
Фотографии
-